12 Национальная ассоциация ученых (НАУ) # 50 , 201 9
МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРІН ДЕГІ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒ АН МУЗЫКАЛЫҚ -САУЫҚТЫ Қ
БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТҮР ЛЕРІ
Сапарова Юлдуз Азимхановна
п.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Нұрман Жан
магистрант, М.Әуезов аты ндағы ОҚМУ
Уалиханова Айнұр
магистр, аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Байгунова Динара Мадихановна
магистр, аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Мұсақұлова Дана Акимовна
магистр, оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Түйіндеме
Ма қала бүгінгі күні мәдени -тынығу жұмысы саласын дағы өзекті мәселелердің бірі жастардың
музыкалық -сауықтық бағдарламаларын уақыт та лабына сай жаңа мазмұнда ұйымдастырып, өткізу
мәселесіне арналады. «Музыкалық -сауықтық бағдарлама» ұғымының мәні ашылып, бүгінг і күнгі бұл
мәселенің қа растырылу жағдайы сөз бо лады. Музыкалық -сауықтық бағдарламалардың мазмұны мен
формасын анықтайтын қағид алар анықталады.
Аbstract
One of the most important issues in the field of cultural and leisure work is devoted to the organizat ion and
holding of music al and entertainment programs of young people in a timely manner. The essence of the concept
of "musical and entertainment program" has been disclosed, and it is possible to consider this issue today. The
rules defining the content and form of musical and entertainment programs are defined.
Кілт сөздер: мәдени -тынығу жұмысы, музыка, сауық, бағдарлама , бос уақыт.
Keywords : cultural and leisure activities, music, entertainment, program, leisure.
Мәдени -тынығу қызметінің құралдары
арқылы қоғамның шығармашылық әлеуетін
дамыту үрдісінде мәдени -тынығу мекемелерінің
жұмысында іске асырылатын музыкалық -сауықтық
бағдарламалар басты рөл атқарады.
Әдебиеттерде жалпы қабылданған
анықтамалардың жоқ екенін атап көрсете келе,
музыкалық -сауықтық бағдарламалар деп көбіне кең
ағартушылық сипаттағы, ең алдымен , мәдениет пен
өнердің түрлі мәселе леріне арналған іс -шараларды
атайтынын атап өтуге болады. Олар жастардың жалпы
әуесқойлығын қанағаттандырады, мәдениет, эстетика,
музыка және т.б. тарихы саласынан білімдер береді.
Профессор А.Д.Жарковтың айтуынша «ғылым и
айналымда мәдени -тынығу қызметіме н байланысты
өте көп ұғымдар пайдаланылады. Олардың қатарында
әлеуметтік -мәдени қызмет, мәдени -ағарту қызметі,
рухани іс -әрекет, рекреативті -сауықтыру қызметі,
шығармашылық іс -әрекет, көркемдік іс -әрекет және
т.б. Мұндай ұғымдардың аясы мәдени -тынығу
қызме тімен түрлі субординациялық қатынаста» [1].
Профессор А.Д.Жарковтың мәдени -тынығу
бағдарламаларының формалары мен мазмұнының
диалектикалық бірлігі жайлы идеясының негізді мәнін
ерекше атап өту керек, соның арқасында мәден иет
мекемелері әлеуметтік, көркемді к-шығармашылық
және тәрбиелік міндеттерді жүзеге асырады.
«Музыкалық -сауықтық бағдарлама» ұғымы екі
негізгі құраушыдан тұрады: бір жағынан, сауық (көңіл
көтеру) туралы, екінші жағынан, музыка жайлы сөз
болып отыр. Бұл ек і құраушы да теңдей жұмыс істейді,
өйткені олардың мәдениет мекемелерінің жұмысында
пайда болуы көне дәстүрлер мен объектвті негіздерге
ие.
Мәдени -тынығу қызметінің анағұрлым кең
тараған формаларының бірі «мәдени -тынығу
бағдарламалары» болып табылады, өз кезегінде оның
өзінің сан түрлі жан рлық табиғаты бар: көркемдік -
публицистикалық, музыкалық -сауықтық, байқау -
ойындық, рекреативті -көңіл көтеру, би -рекреативті
және т.б.
Қазіргі күнгі Қазақстандағы шынайы жағдай,
тынығудың бір кездері тек қоғамның жоғары та п
өкілдеріне ғана қолжетімді болған формалары, соның
ішінде сауықтар бұқаралық сипатқа ие болып отыр.
Заманауи ойын -сауық өнерінің ерекше өнімі
телевизиялық жастар шоу бағдарламалары болып
табылады, ол «алға қойған мақсаттарға сәйкес шоу
бағдарламалардан күтілген тәрбиелік нәтижеге
жетуге, көрерменге белгілі бір тәсілмен ықпал етуге
қабілетті тәрбиелік ықп ал ету құралдарын мұқият
таңдау кезінде образдардың жарқындығы мен
сауықтығына құрылған өнердің ерекше бір түрі» [2].
Біздің пікірімізше, музыкалық -сауық тық
бағдарламалар теледидарда немесе мәдениет
мекемелерінде өткізілу не өткізілмеуіне тәуелсіз,
барлық осындай бағдарламаларға тән.
Сонымен бірге, сауықтық бағдарламалар - бұл
жастардың мәдениет мекемелерінде іске асырылатын
әлеуметтік -мәдени қызметінің ш ынайы құбылысы. Бұл
тұрғыда бұл бағдарламалардың жастар аудиториясы
ерекше тәрбиелік ықпал ету іне шоғы рландырылған
әлеуметтік миссиясы іс жүзінде зерттелмеген.
Біздің елімізде музыкалық -сауықтық
бағдарламалардың пайда болуы бір жағынан,
жастардың музыкал ық тәрбиесінің, соның ішінде
бұқаралық мәдени -тынығу қызметінің
қажеттілігіне, екінші жағынан, әсіресе, бұқаралық
музыкалық мәдениет шеңберіндегі музыкалық
шығармаларға ерекше сұраныстың қалыптасуына
негізделген. Біздің елімізде өскелең ұрпақтың
музыкалық тәрбиесі кеңестік кезеңде бұқаралық
Национальная ассоциация ученых (НАУ) # 50 , 201 9 13
сипатқа ие болды және оны өткізуге арнайы оқу
орындары, театрлар, ф илармониялар қатысты,
«балалар филармониясын» қамтитын лекториялар
мен абонементтер жұмыс істеді. Музыкалық
ағартушылықтың дамыған жүйесі жұмыс істеді.
Елімізде балалар мен жасөспірімдердің мектептен
тыс музыкалық тәрбие беру мекемелерінің (соның
ішінде, м узыкалық үйірмелер, әуесқой көркемөнер
ұжымдары, музыка әуесқойлары клубы және т.б.)
желісі құрылды.
Музыкалық -сауықтық бағдарламаларға
бірнеше анықтама лар беріледі:
- ең алдымен, мәдениет пен өнердің түрлі
мәселелеріне арналған кең ауқымды ағартушылық
жос пардағы бағдарламалар. Олар жалпы
әуесқойлықты қанағаттандырып қана қоймайды,
сондай -ақ мәселен мәдениет, эстетика, музыка тарихы
және т.б. салаларда бар лығына пайдалы білімдер
береді;
- арнайы мүдделі топтарға (бірақ кәсіби
емес) есептелген бағдарламалар. Бұл - танымал
музыкалық стильдер, жекелеген жанрлардың,
ағымдардың және т.б. ерекшеліктері жайлы
дәрістер. Дәрістер мен әңгімелер әуесқой
бірлестіктер қа тысушыларына ғана емес, сондай -
ақ, қарастырылып отырған мәселелерден
хабардарлығының аздығын есепке ала отырып
бұқаралық аудиторияға да арналуы мүмкін.
Мысалы, кейбір джаз -клубтарда дәріс -концерттер
ұйымдастырылады , онда музыканттар мен
жүргізушілер диалог тық формада
тыңдармандармен бірге джаздың жанрлық
ерекшеліктерін, шығармашылықтың мәселелерін
түрлі шығ армаларды иллюстрациялай отырып
талқылайды.
Сонымен бірге музыкалық -сауықтық
бағдарламалардың мазмұны мен формасын
анықтайтын келесідей қағидаларды атап көрсетуге
болады:
- іс-әрекеттің бағыты шеңберінде
әлеуметтік -педагогикалық және мәдени
байланыстарды дамытуға, инновацияларды
алмасуға мүмкіндік беретін ашықтық қағидасы;
- қолда бар тәжірибені есепке ала отырып,
модельдің барлық элементтерінің іс -әрекетін
жоспарлауды болжайт ын сабақтастық пен өзара
байланыс қағидасы;
- жастардың тұлғалық және жас
ерекшеліктерін, физикалық және психикалық
деңгейлерін есепке алуға бағдарланған дербес және
дифференциялық тұғыр;
- жастардың санасын қалыптастыруды
қамтамасыз ету ге бағытталған құнды лықты бағдар
қағидасы ;
- амплификация – технологиялық қағидасы,
ол өзараәрекеттестіктің жарқын сыртқы формасын
құрудың тұрақты объективті қажеттілігі жайлы
хабар береді;
- таңдау еркіндігі – педагогқа
тәрбиеленушілердің дер кезінде таңдау жасау
құқығы жайлы ж әне ол мұндай таңдауды өзбетінше
жасаған кезде үздіксіз жағдайды құру қажеттілігі
жайлы еске салатын технологиялық қағидасы;
- педагог тұғасының тәрбие үрдісінде
тәрбиеленуілердің тұлғасында ықпал етудегі рөлін
анықтайтын тұлғалық ықпал қағидасы .
Музыкалық -сауықтық бағдарламалардың
тәрбиелік әлеуетінің мәнін нақтылау мақсатында
олардың идеялық -тақырыптық негіздерінен бастау
алатын тек үш бағытты ғана қарастырамыз:
қоғамдық -саяси; музыкалық -білім беру
(ақпараттық); би -сауықтық, ойындық бағ ыттар.
Қоғамдық -саяс и бағыт. Мұнда ақпарат,
талдау, талқылау нысаны - нақты музыкалық
шығармамен, оның дүниеге келуі жағдайымен,
орындаушының және автордың тұлғасымен тікелей
байланысты қандай да бір қоғамдық -саяси,
әлеуметтік құбылыс. Мұндай бағдарламалар да
музыка орталық ор ынды алуы немесе басты
әлеуметтік маңызды тақырыпқа иллюстрация
болуы мүмкін (мысалы, Панктер. Муызкалық стиль
ме? Жоқ қоғамның дерті ме?). Мұндай типтегі
бағдарламаларға көпшілік, қарастырылып отырған
құбылысты терең талдау тән.
Музык алық -білім беру (ақп араттық) бағыт. Бұл
бағдарламалардағы ең бастысы – тыңдаушылардың
назарын қандай да бір стильдің, нақты шығарманың
жанрының эстетикалық, ерекше музыкалық
сипаттамаларына, сазгердің тұлғасына және т.б.
шоғырландыру. Мұндай бағдарламалард а дәл осы
музыка мұқ ият қараудың нысанына айналады:
музыкалық шығарманың ерекшеліктерімен, оның
дүниеге келуінің тарихымен, оның авторының
шығармашылық ұстанымымен егжей -тегжейді
танысу, объективті сынау.
Би -сауықтық, ойындық бағыт. Мұндай типтегі
бағдарл амаларда музыка аудитор ияның эмоционалдық
тонусының негізгі реттеушісіне, биде көрініс табатын
моторлық -қозғалыс жұмысының ұйымдастырушысына
айналады. Әдетте, мұндай бағдарламалар үшін
музыканы таңдау көрсеткіші - оның биге
арналғанд ығы, жайма шуақтығы, эм оционалдық
мәнерлілігі, қарым -қатынас, көңіл көтеру, демалу
атмосферасына сәйкес келуі. Мұндай бағдарламаларда
қоғамдық -саяси, музыкалық -білім беру мәселелері де
жиі көрініс тауып жатады.
Музыкалық -сауықтық бағдарламалардың
мұндай т ипологиясы барынша жақы н, дегенмен олар
анағұр лым дәл дифференциацияға мүмкіндік береді.
Мәдениет мекемелеріндегі музыкалық сауықты
бағдарламалардың үш бағытына берілген жоғарыдағы
сипаттамалардан көріп отырғанымыздай, олардың
барлығында көркемдік іс -әреке т құраушысы басым,
ол і с-шараның мазмұнын, фор масы мен мәнерлілік
құралдарын іріктеуден көрініс табады.
Әдебиеттер тізімі
Жарков А.Д. Организационно -методические
основы ультурно -просветительной деятельности:
Автореф. дисс. доктора пед. наук:13.00.05. -Л.,
1990. -4 1 с .
Сапарова Ю.А., Орм олдаева М.А. Шоу
бағдарламаларды ұйымдастыру -Шымкент,2015. -
160 б.
Суртаев, В.Я. Молодежь и искусство. - Санкт -
Петербург, 2002. -352 с.